Accessibility links

Пәкістан соты премьерді тұтқындауға ордер берді


Пәкістан премьер-министрі Раджа Первез Ашраф.
Пәкістан премьер-министрі Раджа Первез Ашраф.
Пәкістан жоғарғы соты премьер-министр Раджа Первез Ашраф пен тағы 15 адамды энергетикалық жобалардағы сыбайлас жемқорлық ісіне қатысы бар деген күдікпен тұтқындауға ордер берді. Құқық қорғау орындары ордер бойынша премьер мен 15 адамды 24 сағат ішінде тұтқындауы тиіс.

Ашраф премьерлік қызметке дейін су және энергетика министрі болған еді. Ол министр болған кезінде - 2010 жылы электр энергиясын өндіру жобасын мақұлдағаны үшін пара алғанын жоққа шығарған.

Премьердің кеңесшісі Фавад Чаудхри соттың ордерін "конституцияға қайшы" деп сынады.

Пәкістандағы мұсылмандардың басты діни жетекшісі Мұхаммад Тахир-ул-Қадри мен оның мыңдаған жақтастары Исламабадта наразылық танытып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп тұр.
XS
SM
MD
LG