Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы бойынша үкімет құрамында бірқатар кадрлық өзгеріс болды.
Президент әкімшілігінің сайты таратқан мәліметке сәйкес бұрынғы мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммед мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалған. Бұрынғы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Тәжин мемлекеттік хатшы қызметіне қойылған.
Бұдан бөлек Бақытжан Сағынтаевтың премьер-министрдің бірінші орынбасары, Ерболат Досаевтың экономика мен бюджеттік жоспарлау министрі болып бекітілгені туралы хабарланды.