Accessibility links

Boeing 787 ұшақтарына уақытша шектеу енгізілді


Жапонияның ANA әуе компаниясының иелігіндегі Boeing 787 Dreamliner ұшағы. Такамацу әуежайы, 16 қаңтар 2013 ж.
Жапонияның ANA әуе компаниясының иелігіндегі Boeing 787 Dreamliner ұшағы. Такамацу әуежайы, 16 қаңтар 2013 ж.
АҚШ-тың азаматтық авиация жөніндегі федералдық басқармасы Boeing 787 Dreamliner ұшақтарының әуеге көтерілуіне уақытша шектеу енгізді. Бұл туралы Би-би-си хабарлады.

Сәрсенбі күні Жапонияның екі әуе компаниясы Boeing 787 Dreamliner ұшақтарында кейбір ақаулар шыққан соң оларды пайдалануды уақытша доғаратыны туралы мәлімдеген еді. Ізінше Үндістан мен Чили елдері де осындай шешім қабылдады.

Соңғы кездері бұл ұшақтардың электр желісіне, тежегіш бөлігіне, отын жүйесі мен ұшқыштар кабинасының терезесіне қатысты ақаулар анықталды.

Қазіргі уақытта әлемде әуе тасымалына пайдаланылып жүрген 50 шақты Boeing 787 Dreamliner ұшағы бар.
XS
SM
MD
LG