Accessibility links

Сох анклавы сымтемірмен қоршала бастады


Қырғызстандағы өзбектер тұратын Сох анклавының картасы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстандағы өзбектер тұратын Сох анклавының картасы. (Көрнекі сурет).
Қырғызстан үкіметі Өзбекстанға қарасты Сох анклавы аумағын сымтемірлермен қоршай бастады.

Баткен облысы әкімшілігінің өкілі Әбдіназар Ергешовтің айтуына қарағанда, жұмысшылар қазір 136 шақырымға созылатын шекараның 10 шақырымын қоршайды. Сымтемір қоршаулары қырғыздың Чарбак ауылына жақын орнатылып жатыр.

Сох ауданындағы Хушияр ауылының тұрғындары 5 қаңтар күні қырғыздың осы Чарбак ауылы тұсындағы жуықта ашылған шекара бекеті маңында электр желісі бағандарын орнатып жүрген қырғыз шекарашыларына шабуыл жасаған еді. Шекарашылар наразы тұрғындардың бетін қайтару үшін аспанға қарата оқ атқан. Жанжалдан үш өзбек азаматы жараланып, бір қырғыз полицейі соққы жеген. Бұдан соң өзбектер 30 қырғыз азаматын кепілге алып, кейін олардың барлығы босатылды.

Сох анклавы маңындағы барлық шекара 9 қаңтардан бері жабық тұр.
XS
SM
MD
LG