Қарағанды облысының Приозерск қаласында керегесіне сызат түскен тоғыз қабатты үй апатты жағдайда деп танылып, тұрғындарына басқа пәтер берілді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Қала әкімінің коммуналдық мәселелер бойынша орынбасары Дастан Сәденовтің айтуынша, "Қарағанды техносервис" мекемесі үйді апатты жағдайда деген қорытынды шығарған. "Үйді қайта жөндеп, бұрынғы қалпына келтіруге болмайды, сондықтан бұзылады" дейді ол. Сәденовтің сөзіне қарағанда, көпқабатты үйде тұрып жатқан 33 отбасыға басқа жақтан пәтер берілген.
Үйдің салынғанына 30 жылдан асып кеткен.
Өткен жылы Қарағанды қаласында да 2009 жылы салынған "Бесоба" тұрғын үй кешенінде бір үй құлаған еді. Бұдан соң тұрғын үй кешеніндегі басқа үйлер де тұруға жарамсыз деп танылып, бұзылды.