Ресей мемлекеттік думасының депутаты, Либералды демократиялық партия жетекшісі Владимир Жириновский парламентті орыс тілінде мағынасы бола тұра шетел тілдерінен енген сөздерді қолданған ресейліктерге айыппұл салуға шақырды.
Жириновскийдің айтуынша, шет тіліндегі сөздерді қолданғандарды тіпті жұмыстан шығарып жіберу керек. Ол журналистерге "біз орыс тілін қоқыс пен шетел сөздерінен тазалауымыз керек" деп, шет тілдері дегенде АҚШ-тан еніп жатқан сөздерге жеке тоқталған.
Депутат мұндай тәжірибенің Түркияда әлдеқашан қолға алынып, түрік тілін араб және парсы сөздерінен "тазалау жүргізілгенін" алға тартқан. Жириновскийдің сөзіне қарағанда, қазір бір топ заңгер орыс тілінде жоқ сөздердің қолданылуына тыйым салатын мәдениет туралы заң жобасын дайындап жатыр.