Қазақстан президенті әкімшілігінің akorda.kz сайтының хабарлауынша, бүгін президент жарлығымен Қайрат Қожамжаров Қазақстан републикасы президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалған.
Қайрат Қожамжаров осыдан бір жыл бұрын, 2012 жылы қаңтар айында Ақмола облысының әкімі қызметіне бекітілген.
Ол 2008-2012 жылдар аралығында экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төрағасы қызметін атқарған кезде республикада жемқорлыққа байланысты бірқатар қылмыстық істер қозғалған еді.
Осыған дейін қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып келген Марат Тәжин таяуда мемлекеттік хатшы қызметіне ауыстырылған.