Accessibility links

Саяси тұтқындарды қорғау комитеті тіркелмегенін хабарлады


Михаил Сизов "министрліктің хаты" деген құжатты көрсетіп отыр. Алматы, 22 қаңтар 2013 жыл.
Михаил Сизов "министрліктің хаты" деген құжатты көрсетіп отыр. Алматы, 22 қаңтар 2013 жыл.
«Қазақстандағы саяси тұтқындарды қорғау комитетін» құрмақ болған азаматтар әділет министрлігінен ұйымның атауы заңға қайшы келетіні туралы жауап алғанын хабарлады.

Белсенділер министрліктің жауабы ретінде таратқан құжатта: «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заңның 18-бабына сәйкес, қоғамдық бірлестіктің толық және қысқартылған атауы және оның нышаны (символикасы) Қазақстан Республикасының атауы мен нышанын толық немесе жартылай қайталамауы тиіс...» деп жазылған.

Жаңа ұйымды тіркеуге ұсынушылардың бірі, жұмысына тыйым салынған "Алға" партиясының бұрынғы өкілі Михаил Сизов министрлік шешімінің саяси астары бар екенін айтады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG