Израильде кеше өткен парламент сайлауында премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың "Ликуд" партиясы алда келеді. Партия қазірге дейін парламенттен 31 орын алып үлгерді.
Дауыс беру басталғанға дейін сарапшылар "парламенттегі ең ірі фракциялар "Ликуд" және бұрынғы сыртқы істер министрі Авигдор Либерманның "Израиль біздің үйіміз" партиясы болады" деп болжаған еді.
Палестина мемлекетінің құрылуына қарсы Нафтали Беннеттің "Еврей үйі" партиясы да парламенттегі үшінші партияға айналады деген болжам бар.
Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, сайлау учаскелері жабылғанға дейін сайлаушылардың 63 пайызы дауыс берген. Сайлаудың алдын-ала ресми нәтижесі бүгін кешке жарияланады.