Ішкі істер министрлігінің тергеу комитеті "Уральская неделя" газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедьяровқа жасалған шабуылды тергеу аяқтады деп хабарлайды халықаралық "Әділ сөз" баспасөз құқығын қорғау ұйымы.
Ұйым сайтында жазылғандай, шабуыл жасауға тапсырыс бергендердің ісі жеке қарастырылады.
Батыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің хабарына қарағанда, қылмыстық іс сотқа ақпан айының басында жіберілмек.
Лұқпан Ахмедьяров 2012 жылы жылы сәуір айының басында Оралда үйінің алдында қарулы шабуылға ұшырап, ауыр халде ауруханаға түскен еді. Журналиске шабуыл жасады деген күдікпен кейін төрт адам қамалған.