Қырғызстанның Жалал-Абад қаласында оппозициялық "Ата-Жұрт" партиясының қамаудағы жетекшілері, депутаттар Қамчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытовтың жақтастары наразылық шеруін өткізді. Шеруге 700-ге тарта адам қатысты. Олардың арасында 50-дей адам атқа мініп шыққан.
Шеруге қатысушылар соттың депутаттарға қатысты әділ шешім шығаруын, оларды үйқамаққа босатуды, парламенттің мерзімінен бұрын таратылуын талап етті.
Демонстранттар акция қорытындысында қарар қабылдап, талаптары орындалмаса шеруге шыға беретіндерін ескерткен.
"Ата-Жұрт" партиясының жетекшілеріне "билікті күшпен басып алмақ болды" деген айып тағылған. Оларға қатысты сот процесі 10 қаңтарда басталған.