Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
AzattyqTV
National Geographic суреттері
28 қаңтар 2013 жыл, 17:52
1888 жылы бір топ ғалым мен әуесқойлар National Geographic қоғамын құрды. Алғашқы журнал сол жылы қазанда жарық көрді. Қоғам 125 жылда әлемдегі ірі коммерциялық емес, танымдық және ғылыми ұйымға айналды.
1
National Geographic зерттеушісі, ғалым Альберт Лин Солтүстік Моңғолия даласында Шыңғыс ханның зиратын және басқа да археологиялық жәдігерлерді іздеп жүр.
2
«National Geographic» журналының редакторы Гилберт Гросвенор секвойя ағашы түбінде түнеп, ұйқыдан оянған сәті. Сьерра-Невада таулары, Калифорния. 1915 жыл.
3
Bandhavgarh үнді ұлттық паркіндегі жолбарыс. 1995 жыл.
4
500 жыл бұрын өмір сүрген инк тайпасы бойжеткенінің «Мұзды ару» аталып кеткен мумиясы. Оны National Geographic-тің археолог-зерттеушісі Йохан Рейнхард тапқан.
5
Мысырдың Гиза қаласындағы пирамидалар. 1938 жыл.
6
M.S. Silverash кемесіндегі National Geographic-тің байрағы. Зерттеушілер Бұл кемемен Вашингтон ұлттық зообағына экзотикалық жануарларды әкелу үшін 1937 жылы Ост-Индияға барған.
7
1963 жылы Эвересті алғаш бағындырған америкалық альпинистер арасында «Ұлттық географиялық қоғам» атынан барған Барри Бишоп та бар.
8
АҚШ-тың әскери Explorer II әуе кемесі 22 мың метрден биік стратосфераға ұшқалы тұр. Рапид-сити қаласы Оңтүстік Дакота, 11 қараша 1935 жыл.
9
National Geographic-тің фототілшісі Майнард Оуэн Уиллимстің 1931 жылы Ауғанстан базарында түсірген суреті. Журналист суретке түскендердің ешқайсысы бірнеше секунд кірпік қақпағанына таңырқаған.
10
1926 жылы теңіз биологы Уильям Лонгли мен National Geographic-тің фотографы Чарльз Мартин Драй-Тортугас ұлттық паркінде тұңғыш рет су астында тіршілік иелерін суретке түсіріп алды.
11
Флинг деп аталған маймыл приматолог Джейн Гудоллға қолын созып тұр. Танзания қорығы, 1964 жыл.
12
Хирам Бингхэм Перудің Ант тауларындағы инктердің жоғалған Мачу-Пикчу қаласында суретке түсіп тұр. Ол 1912-1915 жылдары мұнда қазба жұмыстарын жүргізген.
13
Фотограф Оскар де вон Энгельн Аляска сапарында фотопленканы теңіз суымен шайып отыр. 1909 жылғы бұл сапарды National Geographic қаржыландырған.
14
National Geographic-тің демеушілігімен Танзанияға барған палеонтолог Луис Лики отбасымен бірге ерте гоминидтер қонысын зерттеп жатыр.
15
Британ Колумбиясының тропикалық орманында мың жылдық қызыл балқарағайлар мен түсі ақ аюлар бар.
16
Бірінші май мерекесіне арналған парадтағы жұмысшылар. 1964 жыл.
17
National Geographic журналының қызметкері Томас Аберкромби – Оңтүстік полюске жеткен алғашқы тілші. 1957 жыл.
18
Ағаш басында тұрған арыстан. Угандадағы Елизавета патшайым қорығы.
19
Айға жеткен астронавт Базз Олдрин. Ғарыштық скафандр әйнегінде Нил Армстронг пен «Бүркіт» ай модулінің бейнесі шағылысып тұр.
20
National Geographic фототілшісі Гоуэлл Уокер Австралияның Иняларк тастары арасындағы «жеке кабинетінде» отыр. Гоуэлл Уокер мұнда экспедиция жетекшісі Арнмен бірге бір апта өмір сүрген. 1948 жыл.
21
Вашингтон штатының солтүстік-батысындағы Гиффор Пинчот ұлттық паркі. 2009 жыл.
22
Америкалық Смитсон этнология бюросының жетекшісі Мэтью Стирлинг 1938 жылдан бастап National Geographic демеушілігімен Мексикадағы Табаско мен Веракрусқа сегіз сапар жасаған.
23
National Geographic-тің демеушілігімен археолог Ричард Адамс Гватемаланың Рио-Азул қаласындағы көне майя жазуларын зерттеп жүр. 1984 жыл.
24
1912 жылдың сәуірінде Атлантикада суға кеткен «Титаник» кемесінің тұмсығы. Мұхит түбіндегі кемені National Geographic-тің зерттеушісі Роберт Баллард 1991 жылы тапқан.
25
National Geographic қаржыландырған Роберт Пиридің экспедициясы 1909 жылы Солтүстік полюсті бағындырмақ болған. Бұл экспедиция – Солтүстік полюстің дәл ортасына ең жақын барған топ.
National Geographic суреттері
Recommended
Израиль Газада атыс тоқтағанын хабарлады
XS
SM
MD
LG