Accessibility links

АҚШ: жаңа мемлекеттік хатшы қызметіне кірісті


АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ-тың жаңа мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ-тың жаңадан тағайындалған мемлекеттік хатшысы Джон Керри ресми түрде қызметіне кірісті.

Бұған дейін президент Барак Обаманың алғашқы төрт жылдық мерзімінде мемлекеттік хатшы қызметін атқарған Хиллари Клинтон жұма күні Мемлекеттік департаментте қоштасу сөзін сөйлеп, бірге істеген әріптестеріне алғыс айтқан еді.

Оның алдында Клинтон Обаманың екінші президенттік мерзімі басталғанда өзінің қызметтен кететінін мәлімдеген болатын.

69 жастағы Джон Керри кезінде Вьетнамдағы соғысқа қатысқан. Соңғы 28 жыл бойы АҚШ Конгресі сенатының мүшесі, жаңа қызметке дейін ол сенаттың халықаралық істер комитетін басқарды.

Ол 2004 жылы АҚШ-та өткен президент сайлауында Демократиялық партияның атынан кандидат болған саясаткер.
XS
SM
MD
LG