Accessibility links

Шекара заставасы басшысының "өзіне қол салғаны" хабарланды


"Шонжы шекара заставасы басшысының орынбасары өз-өзіне қол салды" деп хабарлады "ҚазАқпарат" агенттігі.

Агенттік сілтеме жасаған ҰҚК шекара қызметінің хабарлауынша, 4 ақпан күні шамамен сағат 18.00-де шекара нарядынан қайтар кезде өңірлік «Шығыс» басқармасы Шонжы шекара жасағы шекара заставасы басшысының орынбасары, капитан М.К. Қадыралинов "өз-өзіне қол салған".

Ресми мәлімдемеге сәйкес "қайғылы оқиғаға отбасылық келіспеушілік себеп болған".

"Тексеру амалдарын жүргізу үшін шекара қызметі директорының орынбасары бастаған орталық аппараттың офицерлер тобы шықты" деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Қазаның себептерін әскери прокуратураның жедел-тексеру тобы анықтап жатқаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG