Accessibility links

Жабылған газеттің тиражы "жоғалды"


Жезқазған қаласында шығатын «Молодежная газета» басылымының бас редакторы Берік Жағыпаров. Сурет Жағыпаровтың жеке мұрағатынан алынды.
Жезқазған қаласында шығатын «Молодежная газета» басылымының бас редакторы Берік Жағыпаров. Сурет Жағыпаровтың жеке мұрағатынан алынды.
Жезқазған қаласында шығатын «Молодежная газета» басылымының иесі Берік Жағыпаровтың айтуынша, Алматыдағы баспада басылып шыққан газеттің үш мың тиражы ақпанның 5-сі, сейсенбі күні пойызбен Жезқазғанға жетуі тиіс болған екен.

Бірақ бүгін таңертең тиражды алуға барғанда газет ұшты-күйлі жоқ болып шыққан.

- Пойыздағы жолсеріктерден сұрасақ, «білмейміз, жұмысымызға кедергі келтірмей кетіңдер» деп қуады. Менің ойымша, полицейлер алып кеткен сияқты. Бірақ олар алмадық деп отыр, - дейді Берік Жағыпаров.

Ол «Жезқазғанда бірде-бір баспа газетті басуға келіспеген соң, Алматыда шығаруға тура келгенін» де айтты.

Қаңтардың 17-сі күні мәдениет және ақпарат министрлігі «Молодежная газета» басылымының лицензиясын жойғаны жөнінде хабарлаған еді. Редакция өкілдерінің айтуынша, министрлік бұл әрекеттерінің себебін түсіндірмеген.

Баспасөз құқығын қорғау ұйымының айтуынша, министрліктің газет қызметін сот шешімінсіз тоқтатуға құқысы бар.

- Өкінішке қарай, қарама-қайшылыққа толы "БАҚ туралы заңымыз" бұған мүмкіндік береді, - дейді "Әділ сөз" ұйымының жетекшісі Тамара Калеева Азаттық тілшісіне.

Берік Жағыпаров бұған дейін жергілікті әлеуметтік мәселелерді көтеріп, билікті сынап келген еді.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG