Accessibility links

Махмұд Ахмединежад Египетке барды


Египет президенті Мұхаммед Мурси (сол жақта) және Иран президенті Махмұд Ахмединежад. Каир, 5 ақпан 2013 жыл.
Египет президенті Мұхаммед Мурси (сол жақта) және Иран президенті Махмұд Ахмединежад. Каир, 5 ақпан 2013 жыл.
Иран президенті Махмұд Ахмединежад бүгін Египетке барды. Иран басшылары 1979 жылғы ислам төңкерісінен кейін Египетке сапарлап бармаған еді.

Ахмединежад Каирге Ислам ынтымақтастығы ұйымының сәрсенбіде өтетін саммитіне қатысуға Иран делегациясын бастап барды. Каир әуежайында оны Египет президенті Мұхаммед Мурси қарсы алды.

Каир мен Тегеранның қарым-қатынасы 1980 жылы Египет Израильмен бейбіт келісімге қол қойған соң үзілген. 2011 жылы төңкеріс нәтижесінде билікке "Мұсылман бауырлар" қозғалысының өкілі Мұхаммед Мурси келген соң Иран Египетпен байланысын жақсартуға бірқатар қадамдар жасаған. Мурси өткен жылы Иранға ешқандай ұйымға қосылмайтын елдер ұйымының саммитіне қатысуға барған еді.
XS
SM
MD
LG