Accessibility links

Дат жазушысына шабуыл жасалды


Дат жазушысы Ларс Хедегаард.
Дат жазушысы Ларс Хедегаард.
Копенгагенде (Дания) дат жазушысы Ларс Хедегаардқа шабуыл жасалды. Шабуыл жасаған белгісіз біреу оған қарата бір рет оқ атқанымен, оқ жазушыға тимеген. Қастандық жасаушы жазушының үйіне сәлемдеме алып келген адам ретінде кірген. Жазушыға шабуыл жасалғанын Дания полициясы растады.

Хедегаард дат сөз бостандығы қоғамын басқарады. Ұйым исламды сынайтын дәрістер өткізіп, кездесулер ұйымдастырады.

2011 жылы Хедегаард "исламға тіл тигізді" деп айыпталып, айыппұл салынған еді.
XS
SM
MD
LG