Accessibility links

Статистика агенттігінің бұрынғы басшысы ұсталды


Қазақстан статистика агенттігінің бұрынғы төрағасы, халықаралық іздеу жарияланған Анар Мешімбаева Мәскеуде ұсталды. Бұл туралы экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (қаржы полициясы) хабарлады.

"2013 жылы 6 ақпанда қаржы полициясының тапсырмасы бойынша Мәскеуде Ресей ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Анар Мешімбаеваны тұтқындады. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау шаралары жасалып жатыр" дейді қаржы полициясының ақпарат агенттіктері жариялаған хабарламасы.

Анар Мешімбаеваға "2009 жылдың ақпан және наурыз айларында жүргізілген халық санағы кезінде бюджет қаржысын жымқырды" деген айып тағылып, сол жылдың қараша айында іздеу жарияланған еді.

Өткен жылы Қазақстан бас прокуратурасы "Анар Мешімбаева Біріккен Араб Әмірліктерінде қашып жүр" деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG