Accessibility links

Швейцария Пәкістан президентінің ісін қайта қарамайды


Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2012 жыл.
Пәкістан президенті Асиф Әли Зардари. Нью-Йорк, 25 қыркүйек 2012 жыл.
Швейцария үкіметі Пәкістан президенті Асиф Әли Зардаридің үстінен қозғалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты іске қайта тергеу жүргізуден бас тартты. Бұл туралы Берннің Исламабадқа жолдаған хатында іс уақыты өтіп кеткендіктен қайта қаралмайтыны айтылған. Пәкістан әділет министрлігінің өкілі Ясмин Аббас та France Press агенттігіне берген сұхбатында мұны растады.

Өткен жылдың қараша айында Пәкістан Швейцариядан Зардариге қатысты тергеуді қайта бастауды ресми түрде сұраған еді. Пәкістан үкіметі президентті мемлекеттің миллиондаған доллар қаржысын жымқырып, оны әйелі Беназир Бхуттоның Швейцария банкіндегі есеп-шотына салып қойған деп күдіктенеді.

Зардариге қатысты алғашқы тергеу 1990 жылдары басталған. Бірақ ол 2007 жылы жарияланған рақымшылыққа ілініп, тоқтап қалған. Ал 2009 жылы Пәкістанның жоғарғы соты үкіметке тергеуді қайта жалғастыруды тапсырып, оның соңы елде саяси дағдарысқа ұласқан.
XS
SM
MD
LG