Accessibility links

20 елдің қаржы министрі Мәскеуге жиналды


Экономикасы дамыған 20 елдің қаржы министрлері мен орталық банк басшылары Мәскеуге екі күндік кездесуге жиналды.

15-16 ақпанда өтетін жиын негізінен "валюта соғысына", әсіресе Жапонияның өз экономикасын күшейтуге қатысты соңғы уақытта жасаған шаралары тақырыбына арналмақ. Сарапшылардың бағалауынша, Жапонияның валютасы (йен) Токио экономиканы күшейту шараларын бастағаннан кейін қараша айынан бері 20 пайызға құнсызданған.

20 елдің қатарына дүниежүзінің экономикасы дамыған және дамушы мемлекеттері (олар әлемдік экономиканың 90 пайызына ие) кіреді.
XS
SM
MD
LG