Accessibility links

Алматы облысында "ҰҚК ғимаратына оқ атқан адам" ұсталды


Тапанша. (Көрнекі сурет).
Тапанша. (Көрнекі сурет).
"Алматы облысының Алакөл ауданында ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) департаментінің аудандық басқармасына оқ атқан адам ұсталды" деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментіне (ІІД) сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Бұған дейін Алакөлдегі ҰҚК ғимаратына белгісіз біреудің оқ атқаны хабарланған еді.

ІІД ақпаратына қарағанда, ұсталған күдікті - 31 жастағы жергілікті тұрғын. Ол "масаң күйде аңшы мылтығымен екі рет оқ атқанын мойындаған".

Атылған оқтан ғимараттың қабырғасы мен темір есігіне зақым келген. Қазір ұсталған күдікті тергеліп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалу жайы қарастырылып жатыр.
XS
SM
MD
LG