Accessibility links

Барак Обама: атыс қаруына қатаң бақылау қажет


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама елде атыс қаруын қатаң бақылауға алуға үндеді. Жұма күні Чикагода бұдан бір ай бұрын 15 жасар қыз бала оққа ұшқан мектепте сөйлеген сөзінде президент Обама АҚШ-та қарудың кесірінен құрбан болған балалар саны азаймай отырғандығын айтты. Ол өткен жылы бір ғана Чикаго қаласында жас шамасы 18-ден аспаған 65 адамның мерт болғанын мысалға келтірді.

Барак Обама АҚШ конгресін қару-жараққа бақылауды күшейту мақсатында Ақ үй әкімшілігі дайындаған шаралар жобасын мақұлдауға шақырды. Бұл жоба азаматтарға жартылай автоматты қаруды пайдалануға тыйым салуды және атыс қаруындағы оқ санын азайтуды көздейді.

Былтыр желтоқсанның 14-і күні АҚШ-тың Ньютаун қаласындағы (Коннектикут штаты) Сэнди Хук мектебінде 20 жастағы Адам Лэнза есімді тұрғын мектептегі бес пен он жас аралығындағы 20 оқушыны және алты ересек адамды атып тастады. Бұл оқиғадан соң билік өкілдері «қаруға иелік етуге рұқсат ететін заңның соңы қайғы-қасіретке ұласқанын мойындайтын кез жетті» деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG