Accessibility links

Түркіменстан 7 қазақстандыққа рақымшылық жасады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов осы елде ұзақ мерзімге сотталып түрмеде отырған Қазақстанның жеті азаматына рақымшылық жасау туралы жарлыққа жұма күні қол қойған. Бұл туралы ақпаратты «Қазақстан жаңалықтары» агенттігі таратты.

Қазір Түркіменстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ашхабадтағы елшілігімен бірге рақымшылық туралы шешімнің орындалуына қажетті шараларды атқарып жатқаны хабарланды.

Былтыр қарашада Түркіменстан соты қазанның 19-ы күні Түркіменстанның мемлекеттік шекарасын «заңсыз кесіп өткен» деген айыппен ұсталған Қазақстанның жеті азаматтың біреуін сегіз жылға, қалғандарын жеті жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Қазақстан жағы полиция мен көші-қон қызметінде жұмыс істейтін бұл адамдардың іссапардан келе жатқанда шекарадан өтіп кеткенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG