Accessibility links

Пәкістандағы жарылыс құрбандары саны 85-ке жетті


Кветтадағы жарылыс болған базар маңы. Пәкістан, 16 ақпан 2013 жыл.
Кветтадағы жарылыс болған базар маңы. Пәкістан, 16 ақпан 2013 жыл.
Өткен сенбіде Пәкістанның Кветта қаласында базарда болған жарылыстан қаза тапқан адам 85-ке жетті. Бұл оқиғадан 200-ге тарта адам жараланды. Құрбан болғандар арасында шиит хазарлар көп. Жарылысты сүннит "Лашкар-и Джангви" тобы мойнына алды.

Жексенбіде Хазар студенттерінің федерациясы шеруге шығып, биліктен қауіпсіздік шараларын күшейтуді талап етті. Хазар демократиялық партиясының жетекшілері үкіметтен жарылыс жасаған топты жауапкершілікке тартуды талап етіп, 48 сағат мұрсат берді. Осы мерзім ішінде талаптары орындалмаса, хазарлар "дүниежүзі бойынша наразылық шараларын бастамақ".

Халқының басым бөлігі сүннит Пәкістанда шииттер жиі шабуылға ұшырайды. Кветтадағы шииттердің көпшілігі - Пәкістанға Ауғанстаннан осыдан жүз жылдай уақыт бұрын көшіп барған этникалық хазарлар.
XS
SM
MD
LG