Accessibility links

Керри мен Лавров халықаралық мәселелерді талқылады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров телефонмен сөйлесіп, Сирия мен Солтүстік Кореяға қатысты проблемаларды талқылады. Мемлекеттік департаменттің хабарлауынша, Керри мен Лавров телефонда жарты сағат сөйлескен.

Сириядағы дағдарысқа қатысты Вашингтон мен Мәскеу бір-біріне қайшы ұстанымда. Ресей Сирия президенті Башар Асадтың орнында қалуын қолдайды, ал АҚШ оның биліктен кетуін қалайды.

БҰҰ-да бүгін Сириядағы адам құқықтарының жағдайына қатысты жаңа баяндама жасалмақ. Бұдан екі күн бұрын Джон Керри елдегі қақтығыстарда құрбан болғандар саны 90 мыңға жетуі мүмкін деген еді.

Ал Солтүстік Кореяның таяуда ядролық сынақ жасағанына қатысты мәселеде екі ел сыртқы саясат саласының басшылары "жақын ынтымақтастық орнату қажет" деген тоқтамға келген.

Солтүстік Корея таяуда БҰҰ-ның санкциясын елемей, осымен үшінші рет ядролық сынақ жасаған еді.
XS
SM
MD
LG