Accessibility links

Пәкістан терроршыларға қарсы операция жүргізбек


Пәкістан шииттері террорлық зорлық-зомбылыққа наразылық танытып тұр. Кветта, 18 ақпан 2013 жыл.
Пәкістан шииттері террорлық зорлық-зомбылыққа наразылық танытып тұр. Кветта, 18 ақпан 2013 жыл.
Пәкістан премьер-министрі Раджа Первез Ашраф Кветта қаласында 16 ақпанда 89 адам құрбан болған жарылысқа жауаптыларға қарсы "операция жүргізуге" бұйрық берді. Премьер шығарған бұйрыққа сай, операция шұғыл басталуы мүмкін.

16 ақпанда Кветтада базарда болған болған жарылыстан құрбан болғандардың көпшілігі шииттер еді. Жарылысты сүннит "Лашкар-и Джангви" тобы мойнына алған.

Жарылыстан соң Кветтадағы шииттер шеруге шығып, үкіметтен аймақтағы қауіпсіздікті күшейтуді талап еткен. Олар билік тиісті шараларды бастағанша жарылыс құрбандарын жерлеуден де бас тартқан.

Елдің жоғарғы соты Кветта билігін "аймақтағы діни сипаттағы зорлық-зомбылықты тоқтата алмай отыр" деп айыптады.

Халқының басым бөлігі сүннит Пәкістанда шииттер жиі шабуылға ұшырайды. Кветтадағы шииттердің көпшілігі - Пәкістанға Ауғанстаннан осыдан жүз жылдай уақыт бұрын көшіп барған этникалық хазарлар.
XS
SM
MD
LG