Accessibility links

"Правда Казахстана" газеті 3 айға тоқтатылды


Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров. Алматы, 3 мамыр 2012 жыл.
Қазақстанның коммунистік партиясының жетекшісі Ғазиз Алдамжаров. Алматы, 3 мамыр 2012 жыл.
Алматының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік соты "Правда Казахстана" газетіне айыппұл салып, қызметін үш айға тоқтатуға шешім шығарды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Судья Рауза Мұсақожаева газет иесі - Қазақстанның коммунистік партиясын әкімшілік кодекстің 4-бабы 342-тармағы бойынша (жарияланым мерзімін бұзу) айыпты деп танып, 150 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 1731 теңге) мөлшерінде айыппұл салу және газет қызметін үш ай мерзімге дейін тоқтату туралы шешім шығарған.

Қазақстан коммунистік партиясының хатшысы Ғазиз Алдамжаровтың айтуынша, 2012 жылдың қазан айының соңы мен 2013 жылдың 19 ақпанына дейін қаржы мәселесіне байланысты газеттің бес нөмірі жарыққа шықпай қалған.
XS
SM
MD
LG