Accessibility links

Беларусь тілін қорғаған белсенді 5 тәулікке қамалды


Беларусь мүсіншісі Геник Лойка сот залында. Минск, 21 ақпан 2013 жыл.
Беларусь мүсіншісі Геник Лойка сот залында. Минск, 21 ақпан 2013 жыл.
Беларусь белсендісі, мүсінші Геник Лойка беларусь тілін қорғап акция өткізгені үшін бес тәулікке қамалды.

Минскілік мүсінші халықаралық ана тілі күні (20 ақпан) беларусь тілін қорғайтын плакат ұстап, акция өткізген соң 21 ақпанда тұтқындалған еді. Ол ұсталған соң журналистерге "Беларусь мектептерінде орыстандыру саясаты жүргізіліп жатқанын, және ол процесті тоқтату қажетін" айтқан.

Сот орындары ұсталған күні оны рұқсат етілмеген наразылық шарасына шықты деп айыптап, бес тәулікке қамады. Сотта судья Лойканың сот тыңдауын беларусь тілінде өткізу талабын қанағаттандырмай, істі орыс тілінде жүргізді.

Беларусь конституциясы бойынша беларусь және орыс тілдері бірдей ресми тіл ретінде танылған. Бірақ елде орыс тілі көп қолданылады.
XS
SM
MD
LG