Accessibility links

Ақтау: өртте күйген жігіт ауруханада көз жұмды


Өндірістегі өрт. Көрнекі сурет.
Өндірістегі өрт. Көрнекі сурет.
Бүгін таңертең Маңғыстау облыстық ауруханасында осыдан бір күн бұрын «АрселорМиттал Ақтау» құбыр зауытында шыққан өртте қатты күйіп қалған жас азамат қайтыс болды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Аурухананың бөлім меңгерушісі Жансерік Шаухынбердиев «жас жігіттің ауыр жарақат алғандықтан әу бастан оның тірі қалатынына үміттің аз болғандығын» айтқан.

Дәрігер зауыттағы өрттен зардап шеккен тағы бір адамның бүгін есін жиғанын, бірақ әлі арнайы аппараттың көмегімен ғана дем алып жатқанын хабарлаған.

Жұма күні Ақтау қаласында мұнай құбырларын шығаратын «АрселорМиттал Ақтау» зауытындағы жалғыз қабатты темірден тұрғызылған шағын станциясында орнатылған май трансформаторы өртенген еді.

Өрттен зардап шеккен үш адам ауруханаға жеткізілді, олардың бірі - 1989 жылы туған жас жігіттің денесінің 90 пайызы күйіп қалғаны хабарланды.
XS
SM
MD
LG