Accessibility links

АҚШ: радиоактивтік қалдық қоймасынан улы зат бөлінген


Ауадағы радиация мөлшерін өлшейтін аспап. Көрнекі сурет.
Ауадағы радиация мөлшерін өлшейтін аспап. Көрнекі сурет.
АҚШ-тың Вашингтон штатындағы радиоактивтік қалдықтарды сақтайтын жерде арнайы ыдыстардың алтауынан қауіпті заттың сыртқа тарағаны туралы штат губернаторы Джей Инсли мәлімдеген. Алайда ол бұл жайтты «алаңдатарлық» деп атағанымен, адамдардың өміріне қауіп жоқ екендігін айтқан.

Аталған нысанның төңірегінде тексеру жүргізіліп, радиацияның мөлшері шамадан аспаған деп хабарланды.

Вашингтон штатында жер астында орналасқан 177 арнайы ыдыста ондаған жылдар бойы ядролық жойқын қару жасауға пайдаланылған миллиондаған литр плутоний қалдықтары сақталады.
XS
SM
MD
LG