Accessibility links

Ресейде темекіге шектеу қоятын заң қабылданды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ресей президенті Владимир Путин қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салатын заңға қол қойды.

Жаңа заң бойынша, 1 маусымнан бастап қоғамдық көлікте, авто және теміржол бекеттерінде, мемлекеттік мекемелер мен кез-келген білім беру орындарында темекі шегуге тыйым салынбақ. 2014 жылы маусымнан бастап кемелерде, алыс жолға жүретін пойыздар мен қонақүйлерде, кафелер мен мейрамханаларда да темекіге тыйым салынады.

Құжат темекі өнімдерін жарнамалауға және темекі компанияларына оған қатысты шараларға демеушілік жасауына да шектеу қоймақ.

Ресей - әлемде халқы темекіні көп тұтынатын елдердің қатарында. Мұнда кәмелеттік жасқа толған адамдардың 40 пайыздан астамы темекі шегеді.
XS
SM
MD
LG