Accessibility links

Министр: Дамаск оппозициямен келіссөз жүргізуге дайын


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Сирия сыртқы істер министрі Уәлид әл-Муаллем Дамаскі оппозициямен, оның арасында Башар Асад режимін құлату үшін екі жылдан бері күрес жүргізіп келе жатқан көтерілісшілермен диалог орнатуға дайын деп мәлімдеді.

Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу алдында сөйлеген Муаллем Сирия оппозициясының қатарында 28 елден жиналған қарулы топтар, соның ішінде Ресейдің Солтүстік Кавказ аймағынан шыққан бүлікшілер де режимге қарсы "күрес жүргізіп жатқанын" айтты.

Лавров кездесу алдында Мәскеудің Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуді қолдайтынын қайталап айтып, қарулы қақтығыс тоқтамаса Сирияның құлауы мүмкін екенін ескертті. Ол бұған қоса Сирияның оппозициялық күштері коалициясының жетекшісі Муаз әл-Хатибті Мәскеуге келіссөздерге шақырды.

БҰҰ дерегі бойынша, 2011 жылдың наурызынан бері елде халық толқулары мен қарулы қақтығыстардан 70 мыңнан астам адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG