Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні кешке Иран Ислам Республикасы жоғарғы ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Джалилиді қабылдады деп хабарлайды президенттің ресми сайты.
Саид Джалили бүгін Алматыда өтетін Иран мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше бес ел және Германияның Иран ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздеріне қатысады.
Президент Назарбаев кездесуде біршама жетістікке жетуден үмітті екенін айтқан.
Нұрсұлтан Назарбаев бұған қоса Алматыдағы резиденциясында келіссөздерге қатысуға келген Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонды да қабылдады.