Accessibility links

Камерунда ұрланған француздар жайлы видео жарияланды


Камерунда ұрланған француз отбасы жайлы видеожазба. 25 ақпан 2012 жыл.
Камерунда ұрланған француз отбасы жайлы видеожазба. 25 ақпан 2012 жыл.
YouTube сайтында Камерунда ұрланып, кепілге алынған француз отбасының жеті адамы түсірілген видео жарияланды. Видеода бірнеше қарулы ер адам мен ұрланған француздар (екі ер адам, бір әйел және төрт бала) бар.

Видеожазбадағы қарулы адамдар француз отбасын кепілге нигериялық исламшыл "Боко Харам" тобы алғанын мәлімдеп, Камерун мен Нигериядағы тұтқындарды босатуды талап етеді. Олар Малиде әскери операция жүргізіп жатқан Францияның "исламға қарсы соғыс ашқанын" ескертеді.

Франция азаматтарын (күйеуі мен әйелі, төрт баласы және олардың ағайынын) өткен аптада Камерунның солтүстік жағында, Нигериямен шекарада ұрлап кеткен еді. Француз үкіметі кепілге алынған адамдарды шекара арқылы Нигерияға өткізіп жіберлуі мүмкін деп болжайды.
XS
SM
MD
LG