Алматыдағы Rixos қонақүйінде Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алты елдің келіссөздері басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөздерге Иран және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше алты мемлекет (АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция, Германия) делегациялары қатысып отыр.
Келіссөздерге қатысушы елдердің өкілдері бүгін түске дейін жұмыс бабы бойынша ақылдасқан.
Кездесу жабық есік жағдайында өтіп жатыр. Кездесуден Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі тікелей хабар таратып отыр. Ал журналистерге арналған баспасөз орталығы "Интерконтиненталь" қонақүйінде орналасқан.