Accessibility links

Нигерияда кепілге алынған шетелдіктер босатылды


Нигерияда қарақшылар ұрлап әкеткен шетелдік алты теңізші босатылды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, кепілге алынғандарды босатуға ешқандай төлем жасалмаған, ал теңізшілердің өздері ешқандай зардап шекпеген.

Құрамында үш украиндық пен екі ресейлік теңізшісі бар мұнай тасушы кемеге 17 ақпанда Байелс штатының жағалауынан 65 километр жерде шабуыл жасалып, кепілге алынған еді. Теңізшілерді ұрлағандар оларды босату үшін 1,3 миллион АҚШ долларын талап еткен. Бірақ кейін полицияның қудалауымен қарақшылар шетелдіктерді босатып жіберген.

Нигерияның мұнай өндірілетін оңтүстік аудандарында шетелдіктерді ұрлап, кепілге алу оқиғалары жиі болып тұрады. Әдетте кепілге алынғандар талап етілген ақшасы төленген соң босатылады. Соңғы бір айда осындай бес оқиға болды.
XS
SM
MD
LG