Accessibility links

Дағыстан палуаны алтын медалін қайтармақ


Күрес. (Көрнекі сурет).
Күрес. (Көрнекі сурет).
Дағыстандық палуан, олимпиада чемпионы Сагид Муртазалиев күрестің олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуына наразылық ретінде олимпиаданың алтын медалін тапсыратынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Халықаралық олимпиада комитетіне (ХОК) жазған ашық хатында білдірді.

Муртазалиев 2000 жылғы Сиднейдегі олимпиада ойындарында чемпион атанған еді. Қазір ол Ресей мемлекеттік зейнетақы қорының Дағыстандағы филиалын басқарады.

Таяуда ХОК күресті 2020 жылғы олимпиада ойындарының негізгі бағдарламасынан шығарып тастаған еді. Енді күрес басқа жеті спорт түрімен бірге қосымша спорт түрі тізіміне ену үшін бәсекеге түспек.

Осы шешімнен соң Халықаралық күрес федерациясының президенті отставкаға кетті. Болгария күрес федерациясының басшысы олимпиадада ұтып алған алтын медалін қайтарып берді.
XS
SM
MD
LG