Accessibility links

Алматыдағы Иранға қатысты келіссөздер аяқталды


Иран қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сейд Жалили (сол жақта) мен Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Иран келіссөзі алдында. Алматы, 26 ақпан 2013 жыл.
Иран қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сейд Жалили (сол жақта) мен Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Иран келіссөзі алдында. Алматы, 26 ақпан 2013 жыл.
Алматыда өтіп жатқан Иранның ядролық бағдарламасына қатысты алты елдің келіссөздері аяқталды деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия қатысқан келіссөздер кеше түсте басталған. Бүгінгі кездесу шамамен екі сағатқа созылды.

Иран делегациясы келіссөздер қорытындысы бойынша брифинг өткізбек. Азаттық келіссөздер қорытындысы жайында қосымша хабарлап отырады.
XS
SM
MD
LG