Accessibility links

Ақтөбеде пойыз соққан 3 адам көз жұмды


Пойыз. Көрнекі сурет.
Пойыз. Көрнекі сурет.
27 ақпанда Ақтөбе облысында пойызға басылған теміржол жұмысшыларының тағы бірі қайтыс болды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 ақпанда Ақтөбе облысындағы Никельтау-Қандыағаш теміржол учаскесінің Бақай-Тоқмансай өткелінде жұмыс істеп жатқан бес теміржолшыны жүк пойызы қағып кеткен.

Оқиға болған жерде екі теміржолшы (1972 жылы және 1978 жылы туған) бірден мерт болған, кейінірек ауыр жарақаттан тағы бір жұмысшы (1976 жылы туған) көз жұмған. Енді бір жұмысшы жаралы.

Компания қазір комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG