Өткен аптаның сурет баяны
25 ақпан – 1 наурыз 2013 жыл

1
Ақпанның 27-сінде Алматыда Иран ядролық бағдарламасы жөнінде келіссөздер өтті. Жиынға Иран және Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлыбритания, Германия, ЕО елдерінің өкілдері қатысты. Суретте: Алматыға келген Иран делегациясы. Алматы, 26 ақпан 2013 жыл.

2
Қазақстан сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов (сол жақта) пен Иран ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жоғарғы хатшысы Саид Джалили. Алматы, 26 ақпан 2013 жыл.

3
Есентай Қапардың отбасы әлеуметтік жеңілдікке ие болды. Енді отбасындағы төртемнің балабақша төлемі жартысы – мемлекет есебінен. Суретте: Есентай Қапардың төртемі – Нұрайша, Гүлайша, Бегайша, Жанайша. Алматы, 28 ақпан 2013 жыл.

4
Есентай Қапар мен Назымгүл Қуанған төртемдерін перзентханадан шығарған кез. Алматы, 23 сәуір 2010 жыл.

5
Алматы қалалық сотында «экстремистік» деп танылып, тыйым салынған оппозициялық ақпарат құралдарына («Взгляд», «Республика» газеттері, «К-плюс» және Guljan.org интернет сайттары) қатысты брифинг өтті. Суретте: Журналистердің сот ғимаратындағы наразылық шарасы. Алматы, 28 ақпан 2013 жыл.

6
Алматы қалалық сотының судьясы Шолпан Құрманбекова (суретте), Бостандық аудандық сотының судьясы Қалдарбек Досымбет, Медеу аудандық сотының судьялары Ерхан Тотыбай-тегі мен Гүлмира Бейсеновалар оппозициалық басылымдардың жабылғанын «экстремистік бағыттағы мақалалар шыққандығынан» деп түсіндірді. Суретте: Алматы қалалық сотының судьясы Шолпан Құрманбекова. Алматы, 28 ақпан 2013 жыл.