Accessibility links

Қазақстанда кейбір шетелдік телехабарлар тоқтатылады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Бүгіннен бастап Қазақстанда кейбір шетелдік телеарналардың трансляциясы тоқтатылады деп хабарлады Tengrinews сайты.

Осыдан тура бір жыл бұрын қабылданған «Телерадиохабарлар тарату туралы» заңға сәйкес, 2013 жылы наурыздың 1-іне дейін Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрлігінде қайта тіркеуден өтпеген шетелдік телерадиоарналардың хабарларын Қазақстанда таратуға тыйым салынады. Министрліктің ақпарат және мұрағаттар комитетінің мәліметі бойынша, 2013 жылдың 1 наурызында есепке қойылған шетелдік телеарналардың саны 159 деп көрсетілген.

Қазақстанда кабельдік телехабар таратушы оператор қызметін көрсететін «Digital TV» компаниясының басшысы Қуат Бахридинов көптеген шетелдік телеарналар Қазақстандағы көрермен аудиториясын азсынатындықтан тиісті есепке тұруға құштарлық танытып отырған жоқ дейді. Оның айтуынша, бүгіннен бастап Russia Today, Bloomberg, World Fashion Channel, Союз және басқа телеарналардың хабарларын тарату доғарылады.

Бұған дейін Қазақстандағы оператор компаниялардың басшылары мәдениет және ақпарат министрлігінен шетелдік телерадиокомпанияларды есепке алу мерзімін 2013 жылдың қыркүйек айына дейін ұзартуды сұраған еді. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қоюдың мемлекеттiк қызмет стандарты 2013 жылы қыркүйектің 12-інде қабылданған.
XS
SM
MD
LG