Accessibility links

Атырауда ақылы әскери курс ашылды


Қазақстандық сарбаздар әскери жаттығу кезінде. Көрнекі сурет.
Қазақстандық сарбаздар әскери жаттығу кезінде. Көрнекі сурет.
Атырау облысында әскери билет алғысы келетін жастарға арналған ақылы курс ашылды деп хабарлайды BNews агенттігі.

Енді бұрын әскер қатарында болмаған, 22-27 жас аралығындағы ер азаматтар 210 мың теңге төлеп, 24 күн бойы әскери казармада тұрып, сапта жүру мен дене жаттығуларына машықтанып, қарудан атуды және әскери техниканы жүргізуді меңгерген соң облыстық әскери басқармаға сынақ тапсыратын болады.

Сынақтан сүрінбей өткендерге әскери билет пен тиісті сертификат табыс етіледі, бірақ әскери шен берілмейді. Әскери билетке ие болғандар келісім-шарт бойынша әскери бөлімдерге, полиция мекемесі мен өртке қарсы күрес қызметіне жұмысқа орналаса алады деп хабарланды.

Қазақстан үкіметінің биыл ақпанда қабылдаған №118 қаулысына сәйкес жаңадан ашылған бұл курсқа ай сайын 30 тыңдаушы қабылдау жоспарланған.
XS
SM
MD
LG