Accessibility links

Пәкістанда жарылыс құрбандары саны 45-ке жетті


Жарылыс болған маң. Пәкістан, 1 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Жарылыс болған маң. Пәкістан, 1 наурыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)
Пәкістан үкіметінің өкілі Карачидің шииттер тұратын ауданында жексенбіде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 45 адамға жеткенін хабарлады.

Карачи әкімшілігінің өкілі Хашим Раза Заидидің айтуынша, Карачи маңындағы Аббас қаласында шииттер мешітінің сыртында болған ол жарылыстан 150 адам жараланған.

Жарылыстан бес қабатты қос ғимараттың бір бөлігі қирап қалған. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Жарылысты әзірге ешкім мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG