Каракаста жүздеген адам Венесуэла президенті Уго Чавестің денсаулығы туралы барлық ақпаратты жария етуді талап етіп, шеруге шықты.
Демонстранттар ұлттық туларын көтеріп, "Шындықты айтыңдар!" деген ұрандар ұстап шықты. Олар билікті Чавестің денсаулығы туралы шынайы ақпаратты жасырып отыр деп айыптады. Көпшілігі Чавес денсаулығының нашарлығына байланысты елді басқара алмайды деген пікірде.
Мұнымен қатар Каракаста президентті жақтаушылардың митингісі де болды.
Қатерлі ісікпен ауыратын Уго Чавеске 11 желтоқсанда Кубада операция жасалған еді. Содан бері оның денсаулығы туралы жарытымды ақпарат жоқтың қасы. Тек ақпанның ортасында оның елге оралғаны туралы хабарланған кезде ауруханада жатқан бірнеше фотосы ғана жарияланған.
Ал өткен сенбіде вице-президент Николас Мадуро Чавестің химиотерапия алып жатқанын және тыныс алу жолдарының ауруынан айығып келе жатқанын мәлімдеген.