Қазақстандағы атом электр станциясы Ақтау қаласында салынатын болды деп хабарлады "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.
Бүгін Астанада өткен брифингте "Қазатомпром" ұлттық компаниясы инвестициялық жобалар бойынша атқарушы директоры Валерий Шевелевтің айтуынша, АЭС салу туралы шешім қабылданып қойған. Енді оның құрылысын жүргізуге халықаралық тендер жарияланбақ.
Шевелевтің сөзіне қарағанда, станция "жақсы танылған реакторлар негізінде салынбақ. Станцияны салуда барлық ұсыныстар қаралып, халықаралық сарапшылар тартылмақ".
2011 жылдың соңында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "республикада уран қорының мол екенін, ядролық инфрақұрылымы мен ғылыми әлеуеті барын" айтып, елде АЭС салу туралы сөз қозғаған еді.