Accessibility links

Еуропалық комиссия Microsoft-қа айыппұл салды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Еуропалық комиссия Microsoft компаниясын монополияға қарсы заңнамаларды бұзды деп айыптап, 561 миллион еуро (731 миллион АҚШ доллары) айыппұл салды.

Еуропалық комисиия жасаған мәлімдемеге қарағанда, Microsoft алпауыты 2011 жылдың мамырынан 2012 жылдың шілдесіне дейін 2009 жылы жасалған келісімнің шарттарын орындамаған. Ол келісім бойынша, компания интернетті қолданушыларға интернет браузерді таңдау құқын беруге міндеттелген. Бірақ компания ол міндетін орындамай, нәтижесінде Windows операциялық жүйесімен жұмыс істейтін 15 миллионға жуық еуропалықтар Internet Explorer бағдарламасынан өзге браузерді таңдау құқынан айырылған.

Компания бұған "техникалық кінәрат себеп болды" дегенді алға тартады.

Еуропа Одағы компанияға бұған дейін заңдарды бұзғаны үшін үш рет айыппұл салған еді. Microsoft-қа салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 2,2 миллиард АҚШ долларын құрайды.
XS
SM
MD
LG