Accessibility links

Назарбаевтың туысы ҰҚК төрағасының орынбасары болды


Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) ресми сайтында хабарланғандай, президент Нұрсұлтан Назарбаев Самат Әбіш пен Нұрғали Білісбековті комитет төрағасының орынбасарлары етіп тағайындаған.

ҰҚК төрағасының бұған дейінгі орынбасары Өсер Мизанбаев ҰҚК-нің Қостанай облыстық департаменті басшысы болып тағайындалған.

Бұған қоса, президент Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаевқа өзінің Байқоңыр қаласындағы арнайы өкілі қызметін жүктеген. Ал бұған дейін арнайы өкілі қызметін атқарып келген Сәбит Қожахметов "басқа жұмысқа ауысуына байланысты" орнынан босатылған.

35 жастағы Самат Сатыбалдыұлы Әбіш - президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Ол 2006-2009 жылдары әділет министрлігі, ҰҚК-де түрлі басшылық қызметтер атқарған. 2011 жылдың қарашасынан бері комитеттің Астана қалалық департаментінің бастығы болды.
XS
SM
MD
LG