Accessibility links

Бен Ладеннің күйеу баласының ісі АҚШ сотында қаралады


Сүлейман Әбу Гейт. 2002 жылғы сәуір айында көрсетілген видеодан алынған сурет.
АҚШ билігі атышулы әл-Қаида ұйымының бұрынғы басшысы Усама бен Ладеннің күйеу баласы Сүлейман Әбу Гейттің қолға түскені туралы мәлімдеді. Бұл адам әл-Қаиданың баспасөзбен байланыс жөніндегі өкілі болған.

Шенеуніктердің айтуынша, Сүлейман Әбу Гейт осы айда Түркияда ұсталып, Иордания арқылы АҚШ-қа жеткізілген. Оның мәселесі наурыздың 8-і күні Нью-Йорк сотында қаралады. АҚШ әділет департаменті Әбу Гейтке «АҚШ азаматтарын өлтірмекші болған» деген айып тағып отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG