Accessibility links

Чехияның жаңа президенті ант берді


Чех республикасының жаңадан сайланған президенті Милош Земан ант беріп тұр. Прага, 8 наурыз 2013 жыл
Чех республикасының жаңадан сайланған президенті Милош Земан ант беріп тұр. Прага, 8 наурыз 2013 жыл
Чех республикасының жаңадан бес жыл мерзімге сайланған президенті Милош Земан бүгін парламенттің қос палатасының депутаттары алдында ант берді.

Ант беру рәсіміне Чехия үкіметінің мүшелері, шетелдік дипломаттар мен өзге де жоғары лауазымды тұлғалар қатысты. Олардың арасында күні бүгінге дейін Чехия президенті қызметіне қатарынан екі мерзімге сайланған Вацлав Клаус та болды.

68 жастағы Милош Земан биыл қаңтарда Чехияда өткен президент сайлауының екі кезеңінде бәсекелестерінен басым түсіп жеңіске жетті.

Ол 1993-2001 жылдар аралығында Чехия социал-демократиялық партиясын басқарды.1996-1998 жылдары Чехия парламенті депутаттар палатасының төрағасы қызметін атқарған. Ал 1998-2002 жылдары Чехия үкіметінің жетекшісі болған.
XS
SM
MD
LG