Алматының шетіндегі Тастыбұлақ (Каменка) елді мекенінде сол жердегі Ақсай балалар ауруханасы маңындағы орманды алқаптың оталуына қарсы шығып жүрген белсенді Нұрлан Өтеулиевті өлтіріп кетті. Бұл туралы Азаттық тілшісіне оның туысы Сания Қандиева растады.
Оның айтуынша, Өтеулиевті наурыздың 10-ына қараған түні өлтіріп кеткен. Туысы Өтеулиевтің Ақсай ауруханасы маңындағы орманды алқаптың оталуына наразылық танытып жүргенін айтып, өлімін оның қызметімен байланыстырады. "Оның біреумен жауласатындай жаман әдеті жоқ еді" дейді Сәния Қандиева.
Ал елді мекен қарайтын Қарасай аудандық ішкі істер басқармасы оқиғаға түсінік беруден бас тартты.
"Табиғат" қоғамдық қорының өкілі Серік Қазақбаевтың сөзіне қарағанда, Өтеулиев осы қордың белсендісі болған.